«Отбасы банк» АҚ-мен 2026 жылғы аудан бойынша тұрғын үйді бөлуге ұсынылған тізімге сәйкес, үміткермен келісім шарт жасау жұмыстары. Тұрғын үй сертификатын беру қызметі бойынша.
2026 жылы тұрғын үйді бөлу бойынша Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесімен «Отбасы банк» АҚ-ның БҚО филиалымен меморандум келісімі жасақталынды. Нәтижесінде банкке бөліммен 36 пәтерді бөлу бойынша тізім берілді. (Соның 32 пәтер жаңа, 4 пәтер қолданыстағы босаған пәтерлер)
Қазіргі таңда 10 адам тұрғын үйге қоныстанып, тұрғын үйді жалдау келісім шарттары жасақталынды. Олар: көп балалы отбасы – 9 адам, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы – 1 адам.
2026 жылға бөлімге тұрғын үй сертификатын бөлу қызметіне облыстық бюджеттен 5,0 млн теңге қаражат бөлінген болатын. 6 айдың қорытындысы бойынша 3 азаматқа (Жетім бала – 1 адам, көп балалы отбасы – 2 адам) 4241,0 мың теңге отбасы банктегі депозит шоттарына аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/1262266?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау