Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің №518 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабы талаптарына сәйкес аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында:
✅ 20 лот бойынша келіп түскен өтінімдер қаралды;
✅ Жақсымай, Тасқопа, Ақсай ауылдық округтері және Темір қаласының аумағындағы жер учаскелері қарастырылды.
Конкурс ашықтық, әділдік және заңдылық қағидаттары сақтала отырып ұйымдастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама рәсімделді.
Конкурс нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен барлық өтінім берушілерге хабарланатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1261690?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау