Химиялық компоненттерді қолданатын кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жіті назарға алынды. ІІМ сұранысы мен «Declare Group» ЖШС-не лицензия беру процедурасы аясында Шымкент қаласы Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары аталмыш кәсіпорында тексеріс жүргізді.
Кәсіпорын өтінішіне сәйкес, рұқсат беруші орган нысанның нормаларға сай келуі туралы қорытынды ұсынуы қажет. Тексеріс кезінде қауіпті өндірістік объектіні пайдалану шарттарының орындалуы бағаланды. Сараптама нәтижесі белгіленген мерзімде өтініш иесіне жолданады.
Жалпы, қауіпті заттармен жұмыс істейтін субъектілердегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жіті назарда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1262025?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау