Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қала тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар апатты тұрғын үйлер, саяжай аумақтарының инфрақұрылымы, көшелерді абаттандыру, сыртқы жарықтандыру және жолдардың жай-күйіне қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Сонымен қатар, қабылдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін онлайн форматта қатысу мүмкіндігі қарастырылып, олар өз өтініштері мен сұрақтарын қашықтан жолдады. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, қабылдауға қатысуды барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1262558?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау