2026 жылғы 17–18 шілде күндері Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Ақадыр кенті әкімдігінің қолдауымен ересектер мен жастар арасында дәстүрлі садақ атудан Қарағанды облысының чемпионаты өтті.
Облыс біріншілігіне Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 50-ге жуық спортшы қатысып, бес нысана бойынша өзара бақ сынады:
- 70 метр – ерлер (Пута);
- 60 метр – қыздар (Пута);
- 50 метр – Қалқан;
- 40 метр – Орта Азия;
- 30 метр – Жамбы.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Дәурен Құралұлы, Қарағанды облысының дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Ақшолақов Қуан Қуатұлы, Ақадыр кентінің әкімі Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы және спорт ардагерлері мен жанашырлары қатысты.
Екі күнге созылған тартысты дода қорытындысы бойынша облыстың үздік мергендері анықталып, Қарағанды облысының құрама командасы жасақталды.
Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері қыркүйек айында Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының дәстүрлі садақ атудан чемпионатына және Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылатын республикалық турнирге жолдама алды.
Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, өз салмақ дәрежесінде І орын иеленген спортшыларға Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлігіне үміткер» (СШҮ) спорттық атағы берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1261969?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау