Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «Балдырған» санаторийлік бөбекжай-бақшасы» КММ қызметкерлеріне семинар өткізді. Кездесуде ең өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды: • мобильді аударымдар • бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі және чектерді рәсімдеу • салық есептілігін ұсыну мерзімдері мен ережелері • жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты салық заңнамасындағы өзгерістер • салық жеңілдіктерін, кейінге қалдыру мен бөліп төлеу мүмкіндіктерін алу • электрондық сервистердің жұмысы (салық төлеуші кабинеті, мобильді қосымшалар, портал). Түсіндіру жұмысы қолжетімді әрі практикалық форматта өтті. Мамандар жалпы ақпарат берумен қатар, қатысушылардың нақты сұрақтарына жауап берді, декларацияларды толтыру мен салық режимдерін қолдану кезінде жиі кездесетін қателерді талдады, сондай-ақ айыппұл санкцияларынан қалай аулақ болу керектігін түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1262453?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау