Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері – еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Қасенова Анара Бауржановна, аталған бөлімнің бас маманы Есалиева Лейла Бурабековна, Қарғалы ауданы әкімдігінің өкілдері және аудан жұмыс берушілерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) мәліметтерді енгізу тәртібі, ЕСУТД жүйесінде еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша анықталған сәйкессіздіктер, ұжымдық шарттарды жасасу және қолданыстағы ұжымдық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ жұмыс орындарына белгіленген квоталарды орындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, балалардың еңбек құқықтарын сақтау, жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) кезінде еңбекке ақы төлеу тәртібі, сондай-ақ қоса атқарылатын жұмыс (жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында жеке еңбек шарты негізінде тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы) мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды. Кездесу соңында Департамент өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1262480?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау