Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен Кемпірсай ауылдық округіне барып, бірқатар шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен Кемпірсай ауылдық округіне барып, бірқатар шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы шаруашылықтардың егін және мал шаруашылығы бағытында атқарып жатқан жұмыстарын көріп, мал азығын дайындау науқанының барысын бағамдады. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, өндіріс көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану және өнімді өткізу мәселелерін талқылады.

Аудан басшысы ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды салаларының бірі екенін атап өтіп, науқандық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді заңнама аясында зерделеу жөнінде жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1262313?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version