Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда Париж қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы №410 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.
Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.
Франциядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №410 учаскесінде 18 жасқа толған және француз қалаларында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.
№410 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне consulatkz@gmail.com электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.
Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +33 1 45 61 52 02 /3731 телефоны немесе consulatkz@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің мекенжайы: 59 rue Pierre Charron, 75008 Paris.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1262497?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау