Құрметті аудан және ауыл тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жазғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Суға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыздар. Мас күйде суға түспеңіздер, белгіленбеген және қауіпті жерлерде шомылудан аулақ болыңыздар. Су айдындарында қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшаларының талаптарын орындаңыздар.
Әсіресе, ата-аналардан балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Балалардың суға шомылуы тек ересектердің тікелей бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар.

Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1262819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version