Құтырма ауруынан сақ болыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Құтырма ауруы- негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен аяқталатын аса-қауіпті жұқпалы ауру. Бұл жұқпаның көзі жабайы аңдар /қасқыр,түлкі,қарсақ / саналады. Олардан ит, мысық т.б үй жануарларға жұғады. Жұқпа адамға тістеген кезде, денедегі жарақаттар арқылы жұғады. Адамдар арасында бұл ауруды негізінен ит, мысық және ауырған үй жануарлары таратады. Ауру жануарлар тістегеннен кейін бірнеше күннен, кейде бірнеше айдан кейін басталады. Қол, саусақтарынан, басынан, бетінен тістеген жерлер өте қауіпті болғандықтан, бұл жағдайда инкубациондық кезең қысқарады. Сондықтан, жарақаттанған әр адам құтырмаға қарсы вакцинаның аурудан сенімді қорғайтынын білуі қажет. Егер адамды жабайы жануарлармен үй жануарлары тістеген немесе тырнаған жағдайда зардап шеккенді дереу дәрігерге апарып, құтырмаға қарсы антирабикалық екпе алуы керек. Вакцина барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде бар, ақысыз егеді. Егу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауруды жеңуге мүмкүндік бар.

Егер, сізге біреуді тістеген немесе қапқан жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе:

           -тістеген жерді бірнеше минут бойы сабынды сумен жуып, жара шеттерін спиртпен немесе иод ерітіндісімен сүрту қажет;

          – жануарды өлтірмеңіз, ветеринар мамандары келгенше сыртқа шығармай ұстаңыз;

          -егер жануар бір аптаға жетпей өлсе /егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе /зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады;

          -егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге тырыспаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана, егуді қабылдау тоқтатылады. Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.

         Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6- ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты қыздырынуға, тоңазуға болмайды.

Құрметті ауылдастар! Өздеріңіз асырып, бағып отырған иттеріңізді байлап ұстаңыздар. Бос жүрген иттеріңіз ауыл тұрғындарына, әсіресе  мектепке баратын балаларымыздың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, аурудың алдын алып, иттеріңізді байлап ұстап, аурудың болдырмауына бәріміз ат салысайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1261722?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version