«Сарыкөл аудандық орталық аудандық ауруханасында» қызмет алушылар күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Сарыкөл аудандық орталық аудандық ауруханасы» КМК базасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында аудан тұрғындарына ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу, тегін дәрілік қамтамасыз ету, емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Сонымен қатар, іс-шараға Сарыкөл аудандық орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері де қатысты. Медициналық қызметкерлерге денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге енгізілген жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға, сондай-ақ азаматтар мен медицина қызметкерлерін денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1262290?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version