Сібір жарасының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 шілде күні Барлыбек Сырттанов ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен округ тұрғындары арасында сібір жарасының алдын алу, оның таралуына жол бермеу және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға сібір жарасының адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру екені, оның жұғу жолдары, алғашқы белгілері, алдын алу шаралары және ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігі жөнінде жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы ветеринариялық тексеруден өткізу және вакцинациялау;
2) ауру немесе өлексесі табылған малды өз бетінше союға және пайдалануға жол бермеу;
3) мал өлексесі анықталған жағдайда дереу ветеринариялық мамандарға хабарлау;
4) ет және мал өнімдерін тек ветеринариялық бақылаудан өткен орындардан ғана сатып алу қажеттігі жөнінде түсіндірме берілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратылып, қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-barlybek-syrttanov/press/news/details/1261639?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version