СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Департаменттің және Мағжан Жұмабаев ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдап, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендіктерін растады.
Мамандарды құттықтаған Департамент басшысы Әсет Жұматаев:
«Мемлекеттік қызметшінің анты – жоғары жауапкершіліктің, қызметтік борышқа адалдықтың және өз ісіне деген беріктіктің белгісі. Алдағы уақытта сіздерді жаңа кәсіби жетістіктер мен халық игілігі жолындағы жемісті еңбек күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп атап өтті.
Салтанатты іс-шара аясында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Сайлаубайұлы «QazMed» салалық кәсіподағының «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1261854?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version