Сұрақ: Егер жеке кәсіпкер қосымша қызмет түрін (ЭҚЖЖ) қолданғысы келсе, не істеуі қажет?
Жауап: Жеке кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістерді салық органы тіркеу деректеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде енгізеді.
ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығымен жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама нысаны (Бұйрыққа 3-5-қосымша) бекітілген.
Аталған хабарламаның 4-тармағында мынадай мәліметтерді толтыру көзделген:
– Жүзеге асырылатын қызмет түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес бес таңбалы код көрсетіледі).
Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынылғаннан кейін жеке кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде көрсетілген ЭҚЖЖ автоматты түрде СТ СӘБЖ-не түседі.
ЭҚЖЖ-ны өзгерту немесе қосу «электрондық үкімет» порталы (e-license) арқылы немесе жеке кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге арналған екінші деңгейдегі банктердің өзге де сервистері арқылы жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1262281?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау