Субұрқақтар қандай қауіп төндіреді?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы маусым басталысымен облыс аумағында және қалаларда абаттандыру жұмыстары аясында субұрқақтар іске қосылады. Олар қаланың көркін арттырып, айналадағы ауаны ылғалдандыруға арналған маңызды нысандардың бірі. Алайда көптеген адамдар субұрқақтарды шомылатын орын ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, субұрқақтар шомылуға арналмаған және оларды мақсатынан тыс пайдалану адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Субұрқақтар қоғамдық орындарда орналасқандықтан, олардың суы өте тез ластанады. Оған шаң-тозаң, жапырақтар, қоқыс, жәндіктер және басқа да бөгде заттар түседі. Мұндай ортада түрлі бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар көбейіп, жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы жағдай қалыптасады.
Сонымен қатар, субұрқақтарға үйсіз жануарлар мен құстар жиі келеді. Олар адамға жұғуы мүмкін түрлі жұқпалы аурулардың, соның ішінде зооноздық инфекциялар мен орнитоздың тасымалдаушылары болуы ықтимал. Кей жағдайларда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың да субұрқақтарға шомылуы кездеседі. Бұл ішек инфекцияларының, вирустық және басқа да жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады.
Субұрқақта шомылу тек инфекциялық қауіппен ғана шектелмейді. Оның құрылымында су атқыш саптамалар, жарықтандыру құрылғылары және электр жабдықтары орналасқан. Ылғалды ортада абайсыз әрекет ету салдарынан адам тайып құлап, түрлі механикалық жарақат алуы немесе электр тогының әсеріне ұшырауы мүмкін. Әсіресе балалар үшін мұндай қауіп өте жоғары.
Осыған байланысты Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі. Субұрқақтарды тек олардың негізгі мақсатына сай пайдаланып, онда шомылудан бас тарту – өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қорғаудың ең тиімді жолы. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы жаз мезгілін жайлы әрі қауіпсіз өткізуге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1262774?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version