СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

Жаз мезгілінде тұрғындардың су айдындарында демалуы артады. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

-Тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылыңыз;

-Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз;

-Мас күйде суға түспеңіз;

-Белгіленбеген жерлерде суға секірмеңіз;

-Қайықпен жүзу кезінде құтқару кеудешесін пайдаланыңыз;

-Дауылды ауа райында суға түспеңіз.

Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі. Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1262663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version