Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгілінде тұрғындардың табиғат аясында демалуға деген қызығушылығы артады. Алайда демалыс мәдениетін сақтау – әрбір азаматтың басты жауапкершілігі. Табиғатқа ұқыпсыз қарау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіптің бұзылуына да әкеледі.

Өкінішке қарай, демалыс орындарында қоқыс пен тамақ қалдықтарын тастап кету, тыйым салынған жағажайларда шомылу, орман алқаптарында қауіпсіздік талаптарын сақтамай от жағу сияқты заң бұзушылықтар әлі де кездеседі. Мұндай әрекеттер табиғатқа орасан зиян келтіріп, өрт шығу қаупін арттырады және туған жерге деген құрметтің төмендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді ластағаны үшін 43 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Егер бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалса, айыппұл мөлшері 86 500 теңгеге дейін өседі. Ал ұсақ бұзақылық пен вандализм әрекеттері үшін заңнамада 400 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.

Қоршаған ортаны қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, заң талаптарын сақтау – туған жерге деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және жоғары мәдениеттің көрінісі.

Заң мен тәртіпке бағыну – Отанды сүюдің маңызды белгісі. Табиғатты аялап, қоршаған ортаның тазалығын бірге сақтайық. Таза Қазақстан – таза болашақ!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1262448?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version