“Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасы бойынша биыл өңірде 26 млн теңгеге 20 жоба қолдау табады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы биыл да жалғасады. Жобаның мақсаты – жас буынның жаңа идеяларын қолдап, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында конкурсқа қатысу шарттары, өтінім қабылдау тәртібі, іріктеу кезеңдері мен негізгі талаптары туралы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев пен “Атамекен” жастар қоғамдық бірлестігінің іс басқарушысы Тойжан Төлепбаев жан-жақты мәлімет берді. Грант аясында 20 үздік жобаға 1 300 000 теңгеден қаржы бөлінеді. Қаржыландыру 6 бағыт бойынша жүргізіледі:
— Ғылым – жаңа зерттеулер мен ғылыми жобаларды іске асыру;
— Мәдениет – ұлттық мұра мен өнерді насихаттау;
— Ақпараттық технологиялар – IT-жобалар мен стартаптарды дамыту;
— Бизнес – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру;
— Медиа – жастарға арналған пайдалы әрі танымдық контент құру;
— Волонтерлік – әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар.
Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады. Құжат қабылдау 2026 жылдың 21 тамызында басталып, 7 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Конкурс нәтижелері қазан-қараша айларында жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-kishikum/press/news/details/1262422?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version