«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қалалары мен аудандарына соңғы 20 жылда алғаш рет 115 жаңа арнайы техника табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысында соңғы 20 жылда алғаш рет арнайы коммуналдық техникалар паркі жаңартылды. Бүгін, 22 шілдеде өңірдің барлық қалалары мен аудандарының коммуналдық кәсіпорындарына елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және күтіп ұстауға арналған 115 заманауи арнайы техника табысталды.

Ақтау қаласында өткен техниканы табыстау рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.

Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыс әкімдігі «КАМАЗ Инжиниринг» АҚ-мен 115 арнайы техниканы жеткізу туралы келісім жасады. Жаңа техника өңірдің барлық қалалары мен аудандарына бөлінді. Атап айтқанда, Ақтауға – 24, Жаңаөзенге – 27, Бейнеу ауданына – 14, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарына – 13-тен, Қарақия және Түпқараған аудандарына 12-ден арнайы техника берілді.

Маңғыстау облысының барлық қалалары мен аудандарындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты. Оның ішінде қоқыс таситын, жол және вакуумдық машиналар, самосвалдар және елді мекендерді санитарлық тазалау мен абаттандыруға арналған өзге де техникалар бар.

Рәсім барысында облыс әкімі заманауи коммуналдық инфрақұрылымды дамыту халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру – өңіріміз үшін басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта облыстың барлық қалалары мен аудандарында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар құрылды. Бүгін осы кәсіпорындарға 115 жаңа арнайы техника табысталды. Заманауи техника санитарлық тазалау жұмыстарын сапалы жүргізуге, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді тиісті деңгейде күтіп ұстауға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жаңа арнайы техниканың табысталуы өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам болды. Бұл елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және күтіп ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысының коммуналдық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту жұмыстары жалғасады. Алдағы уақытта олардың автопаркі заманауи арнайы техникамен жоспарлы түрде толықтырыла береді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1262201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version