Тереңкөл ауданында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына бағалау жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тереңкөл ауданында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына бағалау жүргізілді.
Білім беру ұйымдарын 2026–2027 оқу жылына дайындау мониторингі аясында Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары Тереңкөл ауданының мектептеріне барды.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының білім беру саласындағы заңнама талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылым нысандарының дайындығы бағаланды.
Тексеру нәтижесінде КММ «Текенов атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде» және КММ «А.Н. Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебінде» күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатқаны анықталды.
Сонымен қатар, КММ «Әулиеағаш ауылының жалпы орта білім беру мектебінде» интернет желісіне қолжетімділіктің жоқтығы анықталды. Бұл заманауи білім беру ресурстарын пайдалануға және цифрлық білім беру процесін ұйымдастыруға қиындық келтіруі мүмкін.
Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған мәселелерді жою жөнінде ұсынымдар берілді. Департамент ұсынымдардың орындалуын және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1262765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version