Тұрғын үй қорын реновациялау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев пен «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков тұрғын үй қорын реновациялау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қанат Мыңбаевтың айтуынша, реновациялау апатты тұрғын үйлерді ауыстырумен ғана шектелмейді. Бұл – қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, инженерлік желілерді жетілдіруге, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыс. Осы бағытта Президент тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін шамамен 40 мың меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл мақсатта Жер және Құрылыс кодекстеріне, сондай-ақ бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілді.

«Реновациялау саласында Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдіктеріне негізделген жаңа нарықтық тетік енгізілді. Ол жеке инвестицияларды тартуға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деді Қанат Мыңбаев.

Баспасөз конференциясы барысында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков салынып жатқан тұрғын үйлерден ҚТК кепілдігімен баспана сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы туралы айтты. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 15,9%, бастапқы жарна – 20%-дан, несие мерзімі – 20 жылға дейін, қарыз сомасы – 75 млн теңгеге дейін. Ал ҚТК кепілдігі тұрғындардың қаражатын қорғап, құрылыс салушыда қиындықтар туындаған жағдайда да тұрғын үй құрылысының аяқталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Қанат Мыңбаев айтуынша, реновациялау бағдарламаларын іске асыруда әкімдіктер реновацияланатын тұрғын үйлердің тізбесін қалыптастырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзектендіруді қамтамасыз етеді. Биыл елімізде 224 көппәтерлі тұрғын үйді бұзу жоспарланған, оның 44-і бүгінде бұзылған. Сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» әзірлеген кепілдік беру тетігі тұрғындардың құқықтарын «бөлмеге – бөлме» қағидаты бойынша қорғауды қамтамасыз етіп, құрылыс салушыларға кепілдік алуға, инвесторлардың сенімін арттыруға және реновация жобаларына жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, тұрғын үй қорын реновациялау бағытында қабылданып жатқан шаралар тұрғындардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жеке инвестицияларды тартуға және бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1262627?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version