2026 жылдың 21 шілдесінде ШҚО Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, Еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесінде еңбек шарттарының тіркелуі және міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуы, еңбек тәуекелдері картасына сәйкес жоғары тәуекел аумағына жатқызылған кәсіпорындар туралы мәселелер қаралды.
Аталған комиссия отырысына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша жауапты инспекторы Е. Мұхтаров қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1261855?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау