2026 жылғы 21 шілдеде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарға байланысты жиі кездесетін жағдайларды көрнекі түрде көрсетіп, заңға қайшы әрекеттердің салдарын түсіндірді. Сонымен қатар балаларға көшеде, қоғамдық орындарда және интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу қорытындысында қатысушыларға жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған жадынамалар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1261711?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау