Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Рейдке аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер қатысты.
Қатысушылар аудан аумағындағы қоғамдық орындарды, көшелерді, саябақтарды, демалыс аймақтарын және өзге де аумақтарды аралап, санитарлық тазалықтың және абаттандыру қағидаларының сақталуына мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында заңсыз қоқыс үйінділері мен қоршаған ортаны ластау фактілеріне ерекше назар аударылды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейд аясында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Зеренді ауданы прокуратурасы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1261986?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау