Жаһандық рейтингтер және есептеу егемендігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үкіметтің жүргізіп отырған саясаты халықаралық бағалаулар арқылы өз тиімділігін көрсетуде. OpenAI талдауына сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдерінен көш ілгері озып, жасанды интеллектіні енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына енді (Қырғызстан 52-ші, Өзбекстан 58-ші орында). Сонымен қатар Dealroom бағалауы бойынша отандық IT-экожүйе Rising Stars санатындағы ең қарқынды дамып келе жатқан он экожүйенің қатарына кірді. Соңғы бес жыл ішінде Astana Hub резиденттерінің жиынтық табысы $4,9 млрд-ты құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі $910 млн-нан асты.

  2025 жылғы маңызды оқиғалардың бірі Ұлттық есептеу инфрақұрылымын іске қосу болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ базасында құрылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық TOP500 рейтингінде 104-ші орынға тұрақтады. Архитектура ең жаңа NVIDIA H200 үдеткіштері бар 64 HPE Cray серверлеріне негізделген (өнімділігі шамамен 2 экзафлоп). «Қазақтелеком» компаниясының коммерциялық суперкомпьютері жиынтық есептеу әлеуетін күшейте отырып, 122-ші орынға ие болды. Үкімет бұл есептеу ресурстарын барлық мемлекеттік органдардың пайдалануын қамтамасыз етті.

 Биыл Үкімет қуаты кемінде 1 ГВт болатын әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект хабы – «Деректер орталықтарының алқабын» салуға кірісті. Жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласында жалпы құны $10 млрд болатын келісімдерге қол қойылды. Келіссөздерге:

NVIDIA басшысы Р.Лебаредян;

Firebird негізін қалаушыларының бірі Р.Овакимян;

Firebird негізін қалаушыларының бірі А.Есаян қатысты.

ЖИЦДМ мен Firebird арасында Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру туралы келісімге, сондай-ақ «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС мен Firebird арасында «Деректер орталықтарының алқабы» жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1262587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version