Жаңа оқу жылына дайындық: бойынша Шымкент қаласында білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысы Р. Әліш күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №96 және №106 жалпы орта білім беретін мектептерде болып, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері 19 мектепте мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, бекітілген жұмыс кестесінің сақталуы, санитариялық және қауіпсіздік талаптарының орындалуы, сондай-ақ нысандарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру мәселелері көтерілді.

Департамент тарапынан мердігер ұйымдар мен жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігі атап өтілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарының толық дайын болуы – оқушылардың қауіпсіз, жайлы және сапалы білім алуына бағытталған маңызды міндеттердің бірі.

Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаңа оқу жылына дайындық барысын тұрақты бақылауда ұстап, мониторинг жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1262760?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version