Бейнеу және Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері автожолдарда жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және көлік құралын басқару кезінде жауапкершілік таныту қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеу, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шықпау, қауіпті маневрлер жасамау және жолдағы өзге де қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полицейлер жүргізушілерге жол жағдайын, ауа райы ерекшеліктерін ескеріп, арақашықтықты сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауға шақырды.
Полиция қызметкерлері Бейнеу және Жаңаөзен тұрғындарын жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1262753?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау