⚠️ ҚҰРМЕТТІ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артады. Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу – әрбір ата-ананың міндеті.
Есте сақтаңыз:
✅ Балаларды үйде қараусыз қалдырмаңыз;
✅ Терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптарын (блокираторлар) орнатыңыз;
✅ Москит торы баланы құлаудан қорғамайды;
✅ Терезе алдына бала шыға алатындай жиһаз қоймаңыз;
✅ Терезені тек қауіпсіздік режимінде ашыңыз.
Құрметті көп қабатты үйлердің тұрғындары!
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында пәтерлеріңіздің терезелеріне арнайы қауіпсіздік құлыптарын орнатуға шақырамыз.
Баланың қауіпсіздігі – Сіздің жауапкершілігіңіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-matai/press/news/details/1263020?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау