Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағынан бөлек, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауап береді.
Не өзгерді?
– 5 метрлік іргелес аумақ заңмен нақты бекітілді.
– Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды тазалау міндетті.
– Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыш, тіркеме немесе көлікті ұзақ уақыт қалдыруға болмайды.
– Үйдің нөмірлік белгісі болуы, қасбет пен қоршау күтімді болуы тиіс.
– Құрылыс қоқысын тек арнайы орындарға шығару қажет.
Айыппұлдар:
– Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 20 АЕК (86 500 теңге) бастап.
– Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК (43 250 теңге) немесе қоғамдық жұмыс.
– Қайталанса, жаза күшейеді.
Хаттаманы енді полициямен қатар әкімдік инспекторлары да толтыра алады.
Ең маңыздысы: 5 метрлік аумаққа қоқысты басқа біреу тастап кетсе де, оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі. Айыппұл төлегеннен кейін де қоқыс тазаланбаса, қайтадан жауапкершілікке тартылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1262885?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау