2026 жылғы 24 шілде күні Көктерек ауылдық округінде «Зорлық-зомбылық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық және қоғамдық ортадағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның зиянды салдары туралы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамда өзара сыйластық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды.
Зорлық-зомбылық – бір адамға немесе адамдар тобына күш көрсету, психологиялық қысым жасау, қорқыту немесе еркіндігін шектеу арқылы зиян келтіру әрекеті. Ол отбасыда, мектепте, жұмыста немесе қоғамның кез келген саласында кездесуі мүмкін. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына, психологиялық жай-күйіне және қоғамдағы орнына кері әсерін тигізеді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, құқықтық жауапкершілік және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтау, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, өзара құрмет пен жауапкершілікті арттыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1263076?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау