«Абай оқулары» – шығармашылық пен руханиятты тоғыстырған алаң

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында республикалық «Абай оқулары» фестивалі жоғары деңгейде өтті. Аталған шығармашылық байқауда Ақмола облысының атынан Бочарова Карина қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады.
Фестиваль аясындағы белсенді қатысуы мен шығармашылық үлесі үшін Карина Бочарова Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Республикалық деңгейдегі бұл шара қатысушыларға ұлы ақын Абайдың бай шығармашылық мұрасын тереңірек тануға, еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға және рухани-мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
«Абай оқулары» фестивалі қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениетін дәріптейтін маңызды алаңға айналып, жас ұрпақты шығармашылық ізденіске, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға жігерлендірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1263214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version