Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өз құзыреті шеңберінде балалардың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға және жалпы білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау ортасын қалыптастыруға бағытталған «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысады.
2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға өңірде жұмыс істейтін 519 мектептен 202 мектеп қосылды, оның ішінде 69 қалалық және 133 ауылдық.
Жобаға қатысушылардың барлық білім беру ұйымдарында жылдам бағалаудың мамандандырылған құралын пайдалана отырып, ағымдағы жай-күйге бағалау жүргізілді, жұмыс топтары құрылды, үйлестірушілер тағайындалды, жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді.
Ұлттық жоба іс-шараларын дәйекті енгізу салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, бүкіл мектеп қоғамдастығының денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға ықпал етеді.
Бастаманы іске асыру қағидаттары, стандарттары мен тетіктері туралы барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК ұлттық үйлестірушісінің ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://hps.nrchd.kz/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1263496?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау