Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға жауапты «Қажсервис» ЖШС-мен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдау қорытындысы негізінде авариялық қауіпті учаскелерде бірқатар қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды.
Атап айтқанда, арнайы жол белгілері орнатылып, шуылды жолақтар салынды, сондай-ақ жүргізушілердің назарын аударуға арналған стробоскопты жарық құрылғылары іске қосылды.
Аталған шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жүргізушілердің қауіпті учаскелерде қырағылығын арттыруға, көлік құралын басқару кезінде қалғып кету фактілерінің алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға, жол белгілерінің талаптарын орындауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1263031?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау