Байғанин ауданы мансап орталығының ұйымдастыруымен Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Байғанин ауданы мансап орталығының ғимаратында кезекті Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

📈 Жәрмеңке қорытындысы бойынша:
🏢 Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші мекеме мен 14 жұмыссыз азамат қатысты.
✅ 6 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.
🎓 3 адам жастар практикасына жұмысқа жолданды.

Мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындарды еңбекпен қамту деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Еңбек етіп, кәсіби тұрғыда дамығысы келетін әрбір азаматқа қолдау білдіруге әрдайым дайынбыз! 💼

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1263123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version