БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жасөспірімдердің жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Жас жол инспекторлары» жасағымен бірлесіп, «Үміт» балабақшасында және Өтеген батыр ауылында кең көлемді профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту, бағдаршам белгілеріне бағыну, жол белгілерін ажырату және көшеде өзін дұрыс ұстау қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, балалармен қызықты сұрақ-жауап, танымдық ойындар ұйымдастырылып, олардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімдері бекітілді.
«Жас жол инспекторлары» жасағының мүшелері де өз қатарластарына жолдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Мұндай кездесулер балалардың жол қозғалысына саналы көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.
Алматы облысы Полиция департаменті ата-аналарды балаларға жол қозғалысы ережелерін күнделікті түсіндіріп, жеке үлгі көрсетуге шақырады. Себебі жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
 Жол ережесін сақтау – өмірді сақтаудың ең тиімді жолы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1263291?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version