Балқаш көлі – Қазақстанның ең көрікті табиғи орындарының бірі. Жыл сайын мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден мыңдаған туристер мен демалушылар келеді. Таза ауа, көркем табиғат пен отбасымен уақыт өткізу мүмкіндігі Балқашты жазғы демалыстың ең танымал орындарының біріне айналдырып отыр.
Алайда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну қоғамдық тәртіпті бұзуға, жол-көлік оқиғаларына және өзге де құқық бұзушылықтарға себеп болып, демалыстың сәнін кетіретінін ұмытпау қажет.
Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуде. Оның аясында сауда орындарында алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салу талаптарының сақталуы тексеріліп, сондай-ақ азаматтардың жаппай демалу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жетісу облысы полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
Балқаш жағалауындағы демалыс әрбір адам үшін тек жағымды әсерге, жарқын естеліктерге толы болып, ең бастысы – қауіпсіз өтсін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1263459?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау