Абай облысында «Цифрлық еріктілер» жобасы іске қосылды. Бастаманың мақсаты – тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға практикалық көмек көрсету. Әсіресе аға буын өкілдері мен ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуге басымдық беріледі.
Жоба аясында еріктілерге арнайы практикалық тренинг ұйымдастырылды. Оқыту барысында қатысушылар 109 байланыс орталығының жұмысы, ақпараттық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдарымен танысты. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мамандары eGov Mobile қосымшасы арқылы қажетті қызметтерді алу тәртібін түсіндірді.
– «Цифрлық елшілік» жобасы аясында бүгін тренинг өтті. Тренинг барысында eGov Mobile арқылы өзімізге қажетті әрі пайдалы білім алдық. Бұл оқыту бізге тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта алған білімімізді басқа еріктілермен бөлісіп, тұрғындарға цифрлық сервистерді пайдалануға көмектесетін боламыз», – деді жоба еріктісі.
Енді цифрлық еріктілер алған білімдерін іс жүзінде қолданып, тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етуге көмектеседі.
Оқыту қорытындысы бойынша еріктілерге сертификаттар табысталды. Ал жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда өңірдегі цифрлық еріктілер желісі одан әрі кеңейтілмек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-digital/press/news/details/1263234?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау