Жамбыл облысындағы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалының Ақыртөбе жерасты газ қоймасының өндірістік нысанында арнайы оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Іс-шара Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының қатысуымен ұйымдастырылды. Жиын барысында арқанды жарақтарды пайдалана отырып, бекіту құрылғысын орнату арқылы аталмыш газ қоймасының №23 ұңғымасы сағасындағы ашық газ-су фонтанын жою мәселесі пысықталды.
Жаттығу кезінде зардап шеккендерді жинау пунктіне жедел эвакуациялау жұмыстары тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің әрекеттерінің үйлесімділігі мен аварияларды жою кезінде қолданылатын техникалық жабдықтардың жай-күйі жан-жақты бағаланды.
Шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен кәсіпорынның авариялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимылдың дайындық деңгейі анықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1263480?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау