«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ұйымның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; ұйымның мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады; ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер, кредиторлар, оның ішінде банктер алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; заманауи техника мен озық технологияларды, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану негізінде ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін ұйымдастырады; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалануға және дамытуға бағытталған шараларды қабылдайды; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді; ұйымның штат кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік балансын бекітеді; қызметкерлерге жалақының уақтылы әрі толық көлемде төленуін қамтамасыз етеді; ұйымның ұйымдастырушылық-басқару құрылымын, жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіреді; ұйым қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; ұйымның мүліктік мүдделерін сотта, төрелікте және мемлекеттік органдарда қорғайды; ұйым қызметкерлерінің қосымша кәсіптік білім алуын (біліктілігін арттыруды, кәсіптік қайта даярлауды) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; жоғары тұрған орган тағайындайтын қызметкерлерді қоспағанда, қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады; орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін бөледі; конференцияларға, семинарларға және көрмелерге қатысады; өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау үшін дербес жауапты болады.
Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:
«Ветеринария» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің) болуы және басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және ұсыну қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен бекітілген Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен бекітілген «Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммунобиологиялық дәрілік препараттарды) сақтау, тасымалдау және пайдалану жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме (резюме);
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік-кәсіптік консультациялық қорытынды).
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары және өзге де құжаттар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттары конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 630-кабинет. Анықтама телефондары: 8 (7132) 74-76-53, ұялы телефон: +7 705 472 40 89.
Конкурс өткізілетін орын: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40-үй, 630-кабинет.
Барлық қажетті құжаттар ұсынылған және үміткер белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырған тұлғаны конкурсқа қатыстыру туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі комиссия хаттамасымен бекітіледі.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде олармен әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысуға байланысты шығындарды (әңгімелесу өтетін жерге барып-қайту жолақысы, тұрғын үйді жалдау, тұру шығындары, байланыстың барлық түрлерінің қызметтерін пайдалану шығындары) азаматтар өз қаражаты есебінен өтейді.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ конкурстық комиссиясы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1263176?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау