Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ департаментпен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодекстің енгізілуіне байланысты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.

Әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар өздеріне берілген бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылау шеңберінде 2026 жылдың 1-жартыжылдығында барлық жоспарланған облыстың 15 объектісінде ҚР Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігіне азаматтардың өтінішітері бойынша 2 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Тексеріс нәтижелері бойынша арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және оңалту құралдарымен қамсыздандыру бойынша 30 бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 14 ұйғарым берілді.

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісуді жүзеге асыратын болады. Бұл объектілерді қабылдау кезеңінде қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге, құрылатын инфрақұрылым сапасын арттыруға және жаңа кедергілердің пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік бөлігінде келісілген объектілер Қолжетімділік картасына енгізілетін болады.

Бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялаудың енгізілуі.

Солтүстік Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационар, жартылай стационар, уақытша тұру жағдайындағы 10 орталық бар. 2025 жылы жоғарыда аталған орталықтар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облыстың аудандарында және Петропавл қаласында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанынан үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет көрсететін «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері (14 орталық) ашылды.

Бүгінгі күні осы мекемелердің (Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Петропавл қ.) төтеуі лицензия алды, 2 Орталықтың (Қызылжар, Жамбыл) өтініштері Комитетке келісуге жіберілді.\ Лицензиялаудың негізгі мақсаты – бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту.

Лицензиялау жұмыстары тұрақты бақылауда және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық ұйымдар лицензия алғанға дейін жалғасады.

Бейнежазба – https://youtu.be/Z9PsszHFF60?si=sZRKmaal9t5Oeo-W

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1261582?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version