Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері аудан аумағындағы ломбард иелерімен профилактикалық кездесу өткізіп, интернет-алаяқтықтың, мүліктік қылмыстардың және ұрлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, ұрланған мүліктің заңсыз айналымына тосқауыл қою және құқық қорғау органдары мен ломбард иелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.
Кездесу барысында ломбард иелеріне күмән тудыратын тұлғалардан қабылданатын заттарға ерекше назар аудару, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды мұқият тексеру, мүліктің шығу тегін нақтылау және заңсыз жолмен алынған болуы мүмкін заттарға қатысты күмән туындаған жағдайда бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ақпарат беріліп, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алуда қырағылық таныту, заң талаптарын сақтау және құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау қажеттігі айтылды.
Осындай профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жүргізілетін болады.
https://www.instagram.com/reel/DbJUtrxqBi6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1263511?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау