Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарға рақымшылық туралы заң талаптары кезең-кезеңімен қолданылып жатыр.
Қалалық және аудандық соттарда тиісті материалдар қаралуда. Мәселен, Түпқараған пробация қызметінің есебінде тұрған Қ. есімді тұлғпға қатысты материал қаралып, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша жаза мерзімі қысқартылды.
Жалпы бүгінгі күнге дейін 5 сотталғанға қатысты сот шешімі қабылданды. Оның ішінде екі сотталған тұлғаның жаза мерзімі қысқартылса, үш азамат жазасының өтелмеген бөлігінен босатылды.
Түпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Айхайбек Нақовтың айтуынша, рақымшылық туралы заңды іске асыру жұмыстары заң талаптарына сәйкес жалғасуда.
– Әрбір материал жеке қаралып, заң талаптарына сәйкес сотқа жолданады. Рақымшылықты қолдану жөніндегі түпкілікті шешімді сот қабылдайды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Айхайбек Нақов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1263550?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау