Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы әңгімелесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің көреген басшылығымен Өзбекстанның жан-жақты реформалар жолымен нық қадам басып, әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыру бағытында елеулі жетістіктерге жетіп келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан көшбасшысының достық пен тату көршілік рухында тұрақты дамып келе жатқан стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор жеке үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-shet/press/news/details/1263263?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version