Өнеркәсіптік қауіпсіздік: аттестаттау мен тексеру нәтижелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық департаменттері өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бақылау және аттестаттау шараларын жалғастыруда. Шымкент қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығын беру үшін аттестаттау рәсімін өткізді. Аталған шара барысында ұйымның газқұтқару бағыты бойынша қызмет көрсетуге рұқсат алуы көзделген еді. Алайда тексеріс нәтижесінде кәсіпорын белгіленген талаптарға сай емес деп танылды.
        Бұдан бөлек, Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары мұнай базасы орналасқан қауіпті өндірістік объектіде тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тексеріс барысында заңнама талаптарының бұзылғаны анықталып, тиісті нұсқама берілді және әкімшілік айыппұл салынды.
       Аталған шаралардың қорытындысы бойынша объекті басшылығы мен жауапты тұлғалардың қатысуымен техникалық кеңес өтті. Жиында анықталған кемшіліктер талқыланып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және оларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1263486?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version