Өскемен қаласында салық заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 шілдеде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының алаңында «Жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру» тақырыбында семинар өтті. Іс – шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) өкілдері, салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, консалтингтік компаниялардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және блогерлер қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға жаңа салық заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің табыстарына салық салу тәртібі туралы Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова баяндама жасады.

Жаңа Салық кодексінде көзделген берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары туралы Департаменттің Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Азамат Жақиянов ақпарат берді.

Департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жібітаев сыра мен сыра сусындарын таңбалау мәселелерін жан – жақты түсіндіріп, сондай – ақ қосылған құн салығы мен акциздерге қатысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.

Семинар барысында қатысушылар жаңа Салық кодексінің жекелеген нормаларын қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алып, салықтық әкімшілендірудің ерекшеліктерін талқылады және салық төлеушілердің қызметінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Іс – шара соңында қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған ақпараттың практикалық маңыздылығын және осындай ақпараттық – түсіндіру іс – шараларын өткізудің өзектілігін атап өтіп, оң пікірлерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен бизнес – қоғамдастық арасындағы сындарлы диалогты дамытуға ықпал етеді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1263057?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version