Оңай ақша болмайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде әлеуметтік желілерде тәжірибе мен ерекше күш-жігерді талап етпейтін, жоғары табысқа уәде беретін жарнамалар жиі кездеседі. Алайда мұндай ұсыныстардың астарында көбіне есірткі құралдарын заңсыз таратуға байланысты қылмыстық әрекеттер жасырынып тұрады.

Өмірде қандай қиындық болса да, оңай ақша болмайды. Кез келген жетістікке тек адал еңбекпен, төзімділікпен және үздіксіз дамуға деген ұмтылыспен ғана жетуге болады. Жылдам нәтиже күтпей, алғашқы қиындықтарда мойымау маңызды.

Есте сақтаңыз: тез әрі оңай табыс туралы уәделер – бұл тұзақ. Оның соңы қылмыстық жауапкершілікке, тағдырдың бұзылуына және болашақтан айырылуға әкелуі мүмкін. Есірткіні заңсыз тарататындар өздеріне ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиян келтіріп, қоғамның және елдің болашағына қауіп төндіреді.

Жетісу облысы Полиция департаменті ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысу, оның ішінде оларды тарату, сақтау, тасымалдау және жарнамалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Оңай табыс туралы жалған уәделерге алданбаңыз. Заңды, адал еңбекті және қауіпсіз болашақты таңдаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1263449?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version