Қаратал ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратал таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2026 жылғы шілде айынан бастап инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды (ТШ) алу тәртібі өзгергенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабының 5-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қағаз түріндегі өтініштерді қабылдау толықтай тоқтатылды.
Енді сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін өтінімді тек электрондық форматта ғана беруге болады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беру туралы өтінішті қабылдау және оны қарау нәтижесін ұсыну «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, уәкілетті органның цифрлық жүйесі немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геопорталы (ААЖ МҚК): құрылыс ұйымдары, жобалаушылар және құрылыс салушылар жаңа құрылыс немесе реконструкциялау бойынша техникалық шарттарды алу үшін электрондық өтінімді gov.ggk.kz порталы арқылы бере алады.
Бұдан былай құжаттарды «Қаратал таза су» ШЖҚ МКК кеңсесі арқылы тікелей қабылдау қарастырылмаған.
Портал арқылы электрондық өтінім беру үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы міндетті.
Анықтама телефоны: 8 (72834) 4-40-03.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1262940?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау