Қазалы ауданының Қожабақы ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Қожабақы ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Заманауи талаптарға сай салынған спорт кешені ауыл тұрғындарының бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына және түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар мен жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа нысан өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, бұл кешен жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың болашақтағы спорттық жетістіктеріне жол ашатын маңызды орталыққа айналмақ.

Спорт кешенінің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, бұқаралық спортты дамытуға және өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-qyzylqym/press/news/details/1263579?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version