24 шілдеде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы жұмысын бастады. Іс-шара аясында ҚР РФ-ғы Елшісі Дәурен Абаев өңір губернаторы Виталий Хоценкомен кездесті.
Тараптар Форумның іскерлік бағдарламасын талқылап, оның қорытындылары өнеркәсіптік кооперация мен саудадан бастап білім, ғылым және мәдениетке дейінгі барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамытуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Жоспарланып отырған бірқатар келісімдерге қол қою өзара тиімді серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашып, өңіраралық байланыстарды нығайтатын болады.
Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасына жоғары баға берді. Қазақстан Омбы облысының жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің үштігіне кіреді. Тараптар өзара сауданың әлеуеті толық көлемде іске асырылмағанын және тауар айналымы көрсеткіштерінің өсуі үшін кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық тақырыбы жеке қозғалды. Бүгінде Омбы облысының жоғары оқу орындарында 7 мыңнан астам қазақстандық білім алуда, бұл жергілікті білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін және екі елдің көпжылдық академиялық байланыстарын растайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбыдағы филиалы өзінің алғашқы оқу жылын аяқтады. Ағымдағы жылы ол 300-ге жуық жаңа студентті қабылдауды жоспарлап отыр, бұл жастардың өсіп келе жатқан қызығушылығы мен ҚазҰУ-дың жоғары беделін айғақтайды.
Д.Абаев пен В.Хоценко Омбы облысы мен Қазақстанды ұзақ әрі берік тату көршілік қарым-қатынастар байланыстыратынын, ал өзара іс-қимыл экономикамен ғана шектелмей, іс жүзінде барлық салаларды қамтитынын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша оған қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуге уағдаласты.
Сондай-ақ, ХХІІ форумның алғашқы жұмыс күнінде Д.Абаев «Жастар ынтымақтастығы: жастар бастамалары мен жастар кәсіпкерлігін қолдау» атты Ресей-Қазақстан жастар форумына, Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Сонымен қатар, Елші Омбы облысының инвестициялық және көліктік-логистикалық әлеуетімен таныстыратын көрмені тамашалады.
Іс-шара 25 шілдеде – Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі күнінде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1263230?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау